"МЕН НАМАЗДЫ ПЕНСИЯҒА ШЫҚҚАСЫН ОҚИМЫН"
Кейбір адамдар айтады: "Мен намазды пенсияға шыққасын оқимын", - дейді. Бірақ сол пенсияға шықса да оқымайды. Таңқалып жүрмін мен сол кісілерге. Үндемейсіз ғой енді. Басында айтарсыз "Жетесіз ба? Жетпейсіз ба?" деп. Бір Құдай жеткізіп қалды ол кісіні. Бірақ енді көрсеңіз, шашына ақ түскен, тістері қалмай, беттері әжім болып, баяғы жігіттіктен қауқары қалмаған кісілер енді отырып, енді намазға жүгінетін шығар десек, карта менен отырып ойнайтыны домино ма бір бәлелерді шұқылайды "Намаз оқы" десе. Ондай болмайды...
Өздеріңізден үлкен, бұрынғы қауымды қараңыздар. Сол кісілер, мысалы, тіпті ше, советтің дәуірінде қалған сөз ғой бұл. Себебі, советтен қорқып. "Мен пенсияға шықсам оқимын" деп. Сол кісілердің шетін, енді аяқ жақтарын көрдік біз. Пенсияға шығады, намазын оқып кететін. Шыққан күні. Ол миллиция болса да, кезінде бір партком, бір бәле болса да. Пенсияға шыққан күннен бастап намазға келе бастайтын. Өзі мысалы, партком болып "Құдай жоқ" деп ұрандап жүрген кісілердің өздері, пенсияға шықты ма бәрібір өзінің дінінен, өзінің ұлтынан, шегінен шығып кетпейтін. Мешітке келіп, басын сәждеге қойып, басына тақия киіп отыратын сол қариялар. Соларды көрдіңіздер. Ал қазіргі қарияларды қараңыздар! "Пенсияға жетсем намаз оқимын" дейді. Жақсы жетсін, бірақ, оқымайды. . .
Ұстаз Арман Қуанышбаев
#um_armankuanyshbaev #ustazdar_mektebi