МҰСЫЛМАН АДАМ ТАЗА, ӘДЕМІ КИІНСІН, БІРАҚ ТӘКАППАРЛЫҚ ҚЫЛМАСЫН
Абдурахман (радиаллаһу анһу) өте бай, өте ұлық сахаба болған. Пайғамбарымыз ﷺ өлгеннен кейін бүкіл әйелдерінің ішім-жем, киімінің бәрін Абдурахман (радиаллаһу анһу) төлеген.
Ол Пайғамбарымызға ﷺ келіп:
- Уа, Расулаллах ﷺ мен жақсы киінуді жақсы көремін, жақсы көліктерді, яғни ат, түйелерді мінуді жақсы көремін, бұл тәкаппарлыққа кірмейді ма? - дегенде.
- Жоқ, кірмейді - деген.
Қараңыз, Мұсылман адам таза, әдемі киінсін, бірақ тәкаппарлық қылмасын.
Бізде кейбір келте балақтар бар, ұзын балақ болса "бұл тәкаппар болады, бұл тозақы болады" деп тұрып... Ол өзі шалбарын тобықтан жоғарыдан кесіп алған, тәкаппарлығы аспандай. Сол келте балағыменен бүтін жәннәт фердаусының бірінші сатысында отыратындай...
Бұл тәкаппарлар үшін айтылынған хадис. Бұл хадис айтылған уақытта, бір күні Əбу Бәкір Сыдық (радиаллаһу анһу) Пайғамбарымыздың ﷺ алдына келді.
Сол хадис айтылатын уақытында арабтарда ұзын көйлек киілетін, көйлек ұзын болатын. Міне, Абдужаппар ағам менен ұзын, менен бай, бұл кісі одан да ұзын көйлек киеді. Ораз Абдужаппар ағадан да бай, ол одан да ұзын киеді. Сөйтіп жүргеннен кейін анау бүтін жердің мусорын бәрін сыпырып жүретін болған. Сонда Пайғамбарымыз ﷺ міні осы хадисті айтқан. Содан Əбу Бәкір сыдық (радиаллаһу анһу) келіп Пайғамбарымызды ﷺ көріп етегін көтеріп жібереді... Пайғамбарымыз ﷺ:
- Не істеп жатсың? - деді
- Сіз кеше осылай айттыңыз ғой, тобықтан төмен болса тозақтың киімін киген болады дедіңіз ғой.
- Бұл сен үшін айтылынған емес - деді.
Себебі Əбу Бәкір Сыддықта (радиалдаһу анһу) тәкаппарлық болмаған.
Ал біздегі бейшаралар, ана жартыбастар келте - келте киіп алып, как будто ең үлкен бір парызды орындап жатқандай, қалғандарының бәрі тозақы. Бізде мысалы даже алкаштың өзінің шалбары ол тобығынан асып жүре береді. Бізде ол әдет ол. Ол тәкаппар үшін кимейді. Бұл бізде әдет болып қалған.
Мұсылман адам дұрыс киіну керек, мұсылман адам жақсы киіну керек, бірақ мұсылман адам тәкаппар болмау керек...
Ұстаз Абдуғаппар Сманов