САДАҚА БӘЛЕНІ ҚАЙТАРАДЫ Баяғыда бір бай бар екен. Байдың сондай әскері бар. Енді, алмаған қамалы, ел-жұрты қалмаған. Бірақ бейшараның жүрегі ауырады екен. Жүрек тынбай ауырады. Содан бір күні әулие келіп: - Уа, Хазірет! Сіздің ауруыңызға ем таптым! - Ей, қандай ем? Қойсайшы, қанша-қанша адамды өлтіріп жібердім?! Қой сен, кет! - Жоқ, Тақсыр! Өлтірсең өлтір, мен сіздің ауруыңызға ем таптым. - Қандай? - Бір 17 жасар әдемі-сұлудан келген жігітті сойып, қанын ішетін болсаң, ауруыңа шипа болып, жазылып кетеді екенсің, - дейді. Дұрыс қой енді, патшаға оңай ғой, неше адам өлтірсе. Патша: - Барып, тауып келіңдер, - дейді. Сөйтіп іздеп жүріп, бір бейшара ілінеді. Бұндай жерде байдың балалары ілінбейді да. Бір шал мен кемпірдің жалғыз баласын алып келеді. Бейшара шал мен кемпір жылап, арқасынан жалбарынып келеді. Патша: - Мына, сендердің балдарыңды мен сойып, қанын ішпекшімін, разысыңдар ма? – дейді. Енді патша айтып тұр, бейшара не дейді? Шал мен кемпір: - Разымыз, разымыз...,- дейді. Патша: - Екі қап алтын беріңдер!, - дейді. Екі қап алтын береді. Ол уақыттағы патшалар – нағыз патша болған. Ішетін, жейтін нәрсенің адалын қарап, ішіп-жейтін болған. Кез келген нәрсе, крокодил болса да, я құрбақа болса да жұта беретін болмаған да ол уақыттағылар. Қазыны шақырады. - Мынаны өлтіріп, қанын ішейін деп жатырмын. Бұл шариғатта халал ма, харам ба? – дейді. Қазы тұрып: - Иә, Тақсыр! Сіз үшін 1000 адамның жанын алсаң да халал... Іше беріңіз беймарал, – дейді. Пәтуа берілді... Қассапқа айтады: - Мынаны сой, қанын ішейін, - дейді. Сонда бала, аспанға қарап жылап тұрады. Патша: - Ей, бала! Неге жылап, неге жымиып тұрсың? – десе, бала: - Иә, Хан ием! Мына дүниеде адамның қадірі болмаса қиын екен. Шыбынның қанаты құрлы қадірім жоқ екен. Ана шал мен кемпірдің Құдайдан тілеп алған жалғызы едім. Енді олар менен кейін перзент көрмейді. Бірақ, қараңыз... 2 қап алтынға мені сатып жібердіі. Мен мұңымды кімге айтайын?! Адам мұңын қазыға айтады, мынау ма қазы?! –Бұдан, мынаның қанын ішсем адал ма, арам ба деп едіңіз, «Бір емес, 1000 адамның қанын ішсеңіз де, АДАЛ», - деп пәтуа берді... бұл құдайдан қорқып пәтуа берген жоқ, бұл ана столынан қорқып пәтуа берді. Мен мұңымды кімге айтайын?! Сізге айтайын ба? Менің жанымнан гөрі өзіңіздің жаныңыз артық болып тұр ғой, мен мұңымды бүкіл әлемнің Раббысы болған, Раббыма айтып тұрмын, - деп, жылаған еді... Патшаның жүрегі еріді... Патша: - Ей, бар кете бер, АЗАТСЫҢ! –деді. Бала таң қалды... Патша: - АЗАТСЫҢ, кете бергін! –деді. Бала: - Әке-шешеме берген алтының ше? - Ол сендерге садақа! Кете бер, -деді. Сөйтті де, бұрылып кетіп бара жатыр еді, жүрегінің ұрып тұруы тоқтамайтын, бір жайлы, жақсы, әдемі боп қалды. Патша: - Е, тоқта! Әлгі әулиесымақты шақыр. Ей әулиесымақ, бері кел. Сен бір бейшараның баласын өлтіргізіп, мені күнәһар қылмақшы болдың ба? Ей, бұның қанын ішпесем де мен жазылып кеттім ғой, -деген еді. Жаңағы әулие: - Ей патша! Жомарттығың жоқ еді өмірде, бір де бір садақаң жоқ еді, ана баланы өзіңнің жаның сондай ауырып тұрса да азат етіп, мәрттік қылдың, ата-анасына 2 қап алтынды садақа еттің. Садақа – бәлені қайтарады деген. Аллаһ саған шипа берді, дейді... Ұстаз Абдуғаппар Сманов

Теги других блогов: продвижение SEO Google